Франция президенттігіне үміткер: Террористерді Антарктидаға жер аударту қажет

/uploads/thumbnail/20170710024517810_small.jpg

«Оян, Франция» қозғалысының көшбасшысы, Франция президенттігіне үміткер Николя Дюпон-Эньян терроризммен күресті күшейтуге ниетті екенін жеткізді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агентігі ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Менің сайлау алды бағдарламамда Францияда ұсталған лаңкестерді Парижден 12 мың шақырым қашықтықта орналасқан Антарктиданың жанындағы Кергелен архипелагына жіберу ұсынысы бар. Жеңіске жеткен жағдайда уәдемде тұрамын» деді Дюпон-Эньян.

Францияда өлім жазасына тыйым салынған. Дюпон-Эньян оны қайта күшіне енгізбейтінін жеткізді.

«Францияның президенті болсам, «Батаклан» концерт залында болған жаппай адам өлімі секілді қылмысқа жол бермеймін» деді ол. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи