Қазақстандық фильм Халықаралық фестивальде жүлдеге ие болды

/uploads/thumbnail/20170710035214725_small.png

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Миры Мориса Симашко» деректі фильмі үстіміздегі жылдың 17 мен 21 сәуір аралығында Мәскеуде өткен 19-шы DetectiveFest Халықаралық шытырман оқиғалы фильмдер фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Шәкен Айманов атындағы «ҚАЗАҚФИЛЬМ» акционерлік қоғамының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Фильмнің режиссері – ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері Александр Головинский.

Деректі фильм Қазақстанның халық жазушысы – Морис Давыдович Симашконың өмірі мен шығармашылығына арналған. Фильм «Төртінші Рим» атты Симашконың автобиографиялық эссесі желісі бойынша түсірілген. Морис Симашко Қазақстан Президенті бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығының лауреаты, 1986 жылы І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын орыс тіліне аударғаны үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанған. Сондай-ақ,  Нобель сыйлығына әдебиет бойынша Халықаралық ПЕН клубының үміткері. Симашко 20 кітаптың авторы, оның туындылары әлемнің 40 түрлі тіліне рекордтық таралыммен тараған,  ол жазған сценарийлер бойынша он шақты фильм түсірілген. Орталық Азиядағы жаңа тарихи роман мектебінің негізін салушылардың бірі.

Осыған дейін аталмыш фильм Мәскеуде өткен  «Вместе» XVII Халықаралық телекинофорумда Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Миры Мориса Симашко» (режиссері А.Головинский)  атты толықметражды деректі фильмі «Литературная газета» басылымының атынан «Орталық Азиядағы жаңа тарихи роман мектебінің негізін салушылардың бірі және майдангер өмірінің беймәлім парақтарын ашқаны және шеберлігі үшін» арнайы жүлдемен марапатталған. 

Detectivefest Халықаралық шытырман оқиғалы фильмдер фестивалінің(ескі атауы «Закон и Общество») тарихы 1998 жылдан басталады. Фестивальдің басты мақсаттарының бірі терроризммен күресуге және заңға бағынуды ұстануға шақыратын телебағдарламалар мен фильмдер түсіретіндерге қолдау білдіру.

Биылғы фестиваль «Терроризм мен қылмыстық іс-әрекетке қарсы күрес – әлем қауымдастығының міндеті» деген ұранмен өтті. Фестивальге әлемнің  20 елінен 80 фильм қатысқан. Қатысқан мемлекеттер арасында: АҚШ, Ұлыбритания, Швейцария, Германия, Франция, Болгария, Иран, Үндістан, Ресей, Қазақстан және басқалар бар.

DetectiveFEST фестивалінің ұйыдастырушылары «Детектив» продюсерлік орталығы және Ресей кинематографистер одағы мен IPA Халықаралық полицейлер ассоциациясы Ресейдегі бөлімшесінің Мәскеу аумағы.  

Оставить комментарий

Связанные Статьи