Белгілі жазушы, драматург Дулат Исабеков Димаш Құдайбергеннің қазіргі атақ, беделі бүкіл Қытай жұртшылығын "Абай жолын" оқуға сеп болғанын айтады.
"Димашқа Қытайда сүйікті шығармасы туралы сұрақ жолдапты. Димаш "Абай Жолы" деген. Енді Қытайда алты аудармашыны жалдап, "Абай жолын" аударып жатыр екен. Міне атақ деген осындай болады" дейді Дулат Исабеков.
Қытайда I am а singer жобасында Димаштың жолында қалатын әншілер бар екенін және әу-баста қазақ баласына бірінші орын бермейді деп болжағанын да жеткізді.
"Екінші орын алып қалыпты. Қытай қытайлығын жасайды деп өзім де қауіптеніп едім. Бірінші орынды қытайға беріпті. Ол әншіні тыңдадым. Димаштың жолында қалады" дейді Дулат Исабеков.
Оставить комментарий