Жаманқұловқа бермей ешбір тыныштық, билік неге соттауға оны тырысты?

/uploads/thumbnail/20170710040947474_small.jpg

Қазақта бір мақал бар еді, Қариясын сыйламаған елдің, келешегі болмайды. Қамшы поштасына қазақ өнерінің ақсақалы Тұңғышбай Жаманқұлов ісі бойынша материалдық деректер келіп түсті.

Онда Тұңғышбай Жаманқұловтың ҚР Бас прокуроры Жақып Асановқа наурыз айында жазған хатының көшірмесі қоса берілген. Аталған хатта Тұңғышбай Жаманқұлов өзінің Арыстанбек Мұхамедиұлымен арадағы жеке бас кикілжіңдері қалай туындағанын түсіндіреді. Жаманқұлов арыдағы бас араздықтары қалай өрбігенін айта келе, өзі жымқырды деп айыпталған 69 миллионның да жайын да тәптіштейді. Хаттан үзік-үзік көшірмелерді берейік:

«...

Қараша айының 2-ші жұлдызы күні ертеңгі сағат 10-00 де Б.Мужиков басқарған Астаналық тергеушілер мені куәгер ретінде тергеуге шақырып, 14 сағат бойы Алматы қалалық департаменттің ғимаратында ұстап, сол күні Н.Юдинамен және бухгалтер Н.Жүнісовамен беттестіру операциясын ұйымдастырды да, бірден қамауға алу жөнінде шешім шығарды. Сол жерде жүрегім нашарлап, жедел жәрдем шақыртуға мәжбүр болдым, өзім тіркелген Президент Әкімшілігінің емханасының дәрігерлерін кіргізбей, белгісіздер келіп, қан тамырыма белгісіз укол салды, қан қысымымның 160-қа көтерілгенін айғақтап, кетіп қалды.

...

Мужиков маған "бір оппозиционер келіп тұр, адвокатпын дейтін көрінеді, керек емес деп хат жазыңыз" деді, "Елбасы сені жақсы көреді, мұны естісе, саған ренжиді ғой" деген дақпырттар айтып жатты, мен әлгі салынған уколдан кейін әрі-сәрі күйде болғандықтан оған бас изеп, хат та жазып беріппін. Мужиковтың менің мойныма артқан "5млн. 300 мың ақшаны мойныңа ал, сосын біз істі 65 статьямен жабамыз, тергеу тоқтатылады, министріңнің де айызы қанады" деп мені айналдыра бастады. Мен "ол ақшаны алған емеспін, көргенім де жоқ, сендер әлгі екі әйелді зорлап айтқыздырып отырсыңдар" деп жанұшырып қарсылық көрсеттім. Сол жерде Б.Мужиков асқан қатігездікпен менің психикама шабуыл жасап, астам сөздер айтып мені әбден жер қылды. Ара-арасында, есебін тауып тағы да министрмен жолығып тіл табысуымды құлағыма сыбырлап қояды. Өзгелерге естіртіп, өзінің мықты екенін, Премьер С.Ахметовты, Т.Ермегияевті, өз бастығы Аманбаевты да қаматтырғанын айтып мақтанды. Әзірше, сол 5млн. 300 мың ақшаның қолды болғанын оп-оңай дәлелдегенін, қажет болса тағы да сендермен жұмыс істеген кәсіпкерлерді сындырып, 69 млн. теңгені де түгелдей мойныңа ілу түкке тұрмайды деген "жоспарын" да жасырған жоқ.

...

Мен әбден титықтап, жүрегім қысылып, басым сырқырап, есім ауардай жағдайда болып, қалай көне қалғанымды өзім де байқамадым. Камераға айтатын сөздерімді өздері жазып дайындап қойған екен, соны алай-түлей күйде оқып бердім. Қайта-қайта шатасып, аяқ-қолым дірілдей бастағанда, маған "жиналыңыз, сіз атақты актер емессіз бе, былай шынайы етіп ойнасаңызшы" деп кекетті. Мониторға жазып қойылған дайын тексті оқығаным, ал сол дайын тексті оқып отырған монитордың камераға түсіп қалмауы үшін видео камераны әдейі бұрып қойғандары, сол сөздерді қағазға көшіруім де қиындап, бес-алты мәрте қайта жаздырғандары ауық-ауық есімде.

...

Мойындату процедурасы аяқтала салысымен менің туыстарыма тез арада 5млн. 300 мың ақшаны жинастыру және кепілдікке қажетті тағы да 1млн. 200 мыңды табуды хабарлады. Түнгі сағат 11-дің шамасы болса да, бәрін қадағалап, аңдып отырған министр Мұхамедиұлы, Қазақфильмнің кассирін үйінен оятып, арнайы көлік жіберіп алдыртты. Ол алдын ала дайындап әкелген, мөрі басылған сомасы көрсетілген квитанциясын, ақшаны жинап үлгерген туыстарымның қолына ұстатты, Сол екіарада кепілдікке төленетін ақшаны қабылдайтын банкі де бізді күтіп отырғандай әлі жұмыс істеп тұр екен. Бұл уақиға түнгі сағат 2-ге таяу аяқталып, Мужиков прокуратурадан менің кепілдігіме келісімін алып, туыстарыма көрсетпей, жасырын есік арқылы өз көліктерімен үйіме жеткізіп салды.

...

      ...Алайда таңертең жағдай 180 градусқа өзгеріп, БАҚ мекемелері "Тұңғышбай Жаманқұлов бәрін түгелдей мойнына алды, 69 млн. ақшаны қайтара бастады, әзірге 6 млн. ақшаны мемлекетке өз еркімен құйды" деген жаңсақ ақпарат сау ете қалды. Онсыз да әрі-сәрі күйде жүрген мен, бұл сұмдықты ести салысымен естен танып құладым, бірден емханаға түстім. Кезекті жауап алу тұсында, мені алдап, жалған уәде бергендері үшін, бұрынғы жауабымнан, 5 млн. 300 мың теңгені алдым деген мойындауымнан бас тарттым....»

***

Істің ақ-қарасы әлі анықталған жоқ. Алайда БАҚ бетіндегі әңгіменің ауаны Жаманқұловтың айтқанындай өрбіп келе жатқаны рас. Бұған дейін зиялы қауым өкілдері, өнер қайраткерлері, атап айтқанда Олжас Сүлейменов, Алтынбек Қоразбаев, Мақпал Жүнісовалар қолымен бірнеше рет Жаманқұловқа ара түсіп ашық хаттар жазды. Бізге материал жіберген дереккөздің мәлімдеуінше енді билік өкілдері қолдан арнайы «мойындау хатын» жазып, оны Тұңғышбай Жаманқұловқа мойындатуға мәжбүрлеп жатқан көрінеді. Тіпті сөзі өтеді ау деген адамдарды ара ағайындыққа да жіберіп отырады екен. Соңғы апталарда Жаманқұловтың денсаулығы нашарлап кеткені туралы ақпарат тараған.

Сөз соңында жалғыз-ақ сөз айтқымыз келеді. Анау-мынау емес коммунист депутат Косаревтің сөзі: «Қазір бізде ақшаны қайтарса, босатуға болады деген құқық бар. Меніңше, бар. Ақшаны қайтарсын да, кете берсін». Тек бұл сөз миллион доллар пара алып жатып қолға түскен Василий Ниге қаратылған. Ал, Жаманқұлов «Ақша жымқырды» деп айыпталғаны болмаса қапқа толтырып ұрлап бара жатып қолға түскен жоқ... 

Оставить комментарий

Связанные Статьи