31 арнаның берген ақпаратына сүйенсек, Астана залының күзетшісі Арай Темірханова есімді тілшінің бетінен шапалақпен беріп жіберген. Телеарнаның жаңалықтар қызметіндегі директоры Гүлжан Мұқышева болған жанжалға байланысты өз пікірін білдірді:
«Біздің журналистер ол жерде халықтың бір-бірін итеріп, қысылысып тұрғанын көрген. Сөйтіп, олар белгісіз біреудің телефонмен видеоға түсіріп жүргенін байқаған. Осы сәтте оның жанына күзетші жетіп барып, жігітке тап береді. Мұны көрген журналист күзетшіні тоқтатпақ болады. Менің түсінуімше, жанжал осыдан басталған» деді Гүлжан Мұқышева.
Сол сәтте телеарананың астаналық тілшісі Арай Темірханова күзетшінің дөрекілігін өз телефонына түсірмекші болады.
«Біздің Арайдың түсірмеске амалы қалмады. Оны байқаған бір күзетші бетінен ұрып жіберген. Ол күзетшілердің ішіндегі ең белсендісі ғой деймін. Оператор түсірмеді, себебі техниканы сақтау керек қой» деп сөзін жалғады.
Гүлжан Мұқышеваның сөзіне қарағанда, олар істің мәнін әлі де анықтайтын болады. Ол жерде 31 арнаның тағы бір журналисті болған. Ол концертте Димашты халықтың қалай қарсы алатыны жайында айтып, тікелей эфирге шығу керек болған. Ал Арай жалғасын түсірмекші, алайда жағдай мүлдем басқаша болады.
Арайға көмектеспек болған өзге де тілшілер күзетшінің соққысының астында қалған.
Димаштың концертінде орын алған жанжал жайында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы пікірін айтты. Ол өз сөзінде болған жағдайға журналистерді кінәлап қалды.
Арыстанбек Мұхамедиұлы оқиғаны өз көзімен көрмегендіктен ештеңе дей алмайтынын айтты. Тек орын алатын келеңсіз жағдайлардың бәріне министр журналистерді кінәлады. Себебі, оларға тек өсек керек екен, пиар іздейді екен. "Бұлай болмаса, журналистің мансабы өспейді" дейді.
Сондай-ақ, ешқандай тергеудің болмайтынын айтты.
«Димаш – аңыз адам! Оның құрметіне ту көтерілді, әнұран айтылды. Сондықтан, ешқандай тергеу болмайды, тек пікірлер айтылады" деп сөзін түйіндеді ҚР Мәдениет және спорт министрі.
Оставить комментарий