Керек болса «төртінші жүзді» соттау керек

/uploads/thumbnail/20170708154557094_small.jpg

"ату керек", "шабу керек", "соттау керек", "құрту керек"... Ау, ағайын не айтып кеттіңіздер... Қазақтың қыршындай жастарын соттатқанда қандай опа таппақсыздар? Өзің түзете алмаған қисық бұтақты отата берсең орманның орнына қу тақыр қалар. Онсыз да аз оталған жоқ қой... Кіші жүзге жабыла кеткен "қырыпсал" мінезді көшеде коларад таспасын тағып, "төртінші жүз" болып жүргендерге қолдансақ қайда қалдық? "Ресейге" бодан болайық!" деп қолына империя төлқұжатын ұстап жүрген Тайшы тұқымдаы төбеттердің төбесін ойса заң орындары қайда қалыпты. Ал "қазақты бас!" десең бас салады. "Өзгеден именшек, өзіне күшеншек". Ал жастарға ру-жүз дегеннің заманында қазақтың ар-ождан кодексі болғанын, "Олжабайлап", "Райымбектеп", "Бақтиярлап" жауға шабу әруаққа сыйыну емес батыр бабасының атасының атын атап тұрып жанкешпелікке бару екенін ұқтыру керекпіз. "Ана батырдың ұрпағы жаудан қашты!" деген сөзді кімнің естігісі келеді дейсің?! Кез келген жаугер халықтың жазылмаған заңы бар. Жапондарда Бусидо болса, қазақтарда руы мен ата-бабасы! Сол болмыс үстемдік құрғанда біздің бабаларымыздан басқалар именген....

Серік Әбікен. (Facebook-тегі парақшасынан алынды)

Оставить комментарий

Связанные Статьи