Мұсылман қыздарының орамал тағуы пайдалы екені ғылыми тұрғыда дәлелденді

/uploads/thumbnail/20170710063221182_small.jpg

Жаздың аптап ыстығында адам баласы, әсіресе әйелдер түбегейлі жеңіл киімге көшеді. Қымтанып киінген мұсылман қыздарына бір түрлі ерсі қарайтыны да жасырын емес. Мұндай ыстық күні қалай ғана жабық киінуге болады деген ойлар мазалайды.

Дәрігер-диетолог Надежда Мельничук әйел қауымына мұсылмандардан үлгі алуды ескертеді.

«Ыстық күнде шешінуді ойламаңыздар. Араб әмірлігінің тұрғындары бәрімізге үлгі. Киім денені толығымен жауып тұрғаны абзал. Оның үстіне, аптап ыстық күнде бастың да жабық тұруы аса маңызды. Басқа күн өту қауіпті», - дейді дәрігер.

Сондай-ақ, басты ғана емес, шашты да күн сәулесінен қорғауымыз керек.

«Жоғарғы температура кезінде шаш ылғалдығын жоғалтады. Ультракүлгін сәулелер шаштың сыртқы қабығын жояды. Ал сыртқы қабық шаштың ішкі бөлігін қорғап тұратын функця, ол жойылса, шаш қатқыллдана түседі, жиі ұштанатын болады, шаштың бояғыштығына кері әсерін тигізеді. Күн сәулесі түскен шаш күйе бастайды, яғни ақшыл өңге енеді», - деп дәлелдеді Грин Мама компаниясының косметолог-сарапшылары.


Тағы айта кетерлік жайт, дәрігерлер таза матадан тігілген киімдерді киюге кеңес береді. Киім адам денесіне жабыспай тұрғаны абзал. Сондай-ақ, күннің ыстығында киімнің жабық болғаны пайдалы, жабық киім денені күн сәулесінен түсетін зиянды микробтардан қорғайды, таза матадан тігілген жабық әрі еркін киім денені салқындатып тұрады. Ал денеге жабысып тұратындары керісінше одан сайын ыстықтатады.

«Күн астында шешіну дененің қызуын үдете түседі. Ыстық күні адам терлейді, ал тері суы денені салқындатып тұрады. Дене ашық болып, терлеген жағдайда, тері суына күн сәулесі түсіп, дененің мөлшерден тыс қызуына әкеліп соғады. Жабық киім тердің денеде қалып, салқындатып тұруына септігін тигізеді», дейді Би-би-си түсірген «Сау болудың құпиясы» атты деректі фильмінің авторлары.

«Температураның жоғарылауы биохимиялық процесстердің белсенділігін арттырады, ал мұндай құбылыс денсаулыққа зиян, - дейді трансфузиолог дәрігер Андрей Звонков. – Дене қатты қызып кеткен жағдайда адам ағзасы әлсіреп, тіпті жұмыс істеуін тоқтатуы да ғажап емес. Күнге қызып денсаулығы нашарлаған адамды қайта емдеу қиын, мүмкін емес десе де болады.

Аса қатты мөлшерде қызу қан жабысқақтығының ұлғаюына әкеледі. Ағза 37 градус температураны ұстап тұра алады, сол үшін де белсенді түрде терлейді. Көп су жоғалтқандықтан қан қоюланады, бұл процесс қанның ұюына әкеліп соғады. Қабынуы бар адамдар мен кеңседе жұмыс істейтін қызметкерлер осындай жағдайға жиі ұшырасып жатады».


Оның үстіне, күн сәулесі терінің қартаюын жеделдетеді Тері элластин мен коллагеннің арқасында ғана ылғалдығын сақтайды. Ал күнге күю кезінде белгілі бір фермент коллагеннің тұрақты нормасын жояды», - деп түсіндірді «Денсаулық» бағдарламасының жүргізушісі Елена Малышева.

Сол себепті, өз денесі мен шашын күннен жасырған мұсылман әйелдерінің ісі ғылым көзімен қарағанда өте дұрыс деп айтуға болады. Олардың жабық киімі мен орамалы қыздардың сұлулығымен қоса, жастық келбетін де сақтап қалатын күшке ие.

Дайындаған: Гүлім Жақан

Оставить комментарий

Связанные Статьи