Нью-Йорк қаласында күйеулер сатылатын дүкен ашылды

/uploads/thumbnail/20170710063239995_small.jpg

Нью-Йорк қаласында күйеулерді сататын дүкен ашылды. Дүкен 5 қабаттан тұрады: әр қабатқа жоғарылаған сайын сатылатын күйеулердің бағасы да, «сапасы» да жақсырақ болады екен, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Дүкеннің өзіндік ережелері де бар:

  • Бір қабаттан екінші қабатқа көтерілсеңіз астыңғы қабатқа қайтадан оралуға болмайды.
  • Таңдау жасап қойған болса, оны ауыстыруға немесе қайтаруға болмайды.
  • Бұл дүкенге тек бір-ақ рет қана келе аласыз.

Бір күні аталмыш дүкенге бір әйел кіріп, бірінші қабаттағы ілулі тұрған тақтайшадағы жазуды көреді: «Бұл қабаттағы күйеулер жақсы табыс табады және өздері де жақсы». Қандай керемет деп ойлаған әйел не болса да екінші қабатты көргісі келеді.

Екінші қабатта: «Мұндағы күйеулер жақсы табыс табады, өздері де жақсы және кішкентай балаларды жақсы көреді» деп жазылып тұрады. Қуанған әйел «Қандай керемет, дегенмен үшінші қабатты да көрейін» деп жоғары көтеріледі.

Үшінші қабатта да дәл сондай тақтайша ілулі тұрған, онда: «Бұл қабатта сатылатын күйеулер жақсы табыс табады, өздері де жақсы, балаларды да жақсы көреді, сонымен қатар үй шаруасына көмектеседі» деп жазулы тұр. Мұндай күйеуді тек армандауға болады деп ойлаған әйел бұл қабатқа да тоқтамай жоғарыға көтеріледі.

Төртінші қабат. Тақтайшадағы жазу: «Бұл қабатта сатылатын күйеулер жақсы табыс табады, өздері өте жақсы, кішкентай балаларды жақсы көреді, үй шаруасына көмектеседі және де олар романтиктер». Иә, бұл жазуды көрген әйел бірден іздегенімді таптым деп ойлап, дегенмен бесінші қабат бар, оны да көргісі келген әйел соңғы қабатқа көтеріледі.

Бесінші қабатта ілулі тұрған тақтайшадағы жазу мүлдем өзгеше еді:

«Кешірім өтінеміз, бірақ бұл дүкенде күйеулер сатылмайды. Бұл идея әйелдердің талабы тым жоғары екендігін тағы бір рет дәлелдеу үшін ойлап табылған болатын. Сіз – 1 965 784-ші келушісіз. Бұл уақытқа дейін дүкенге кірген бір де бір әйел таңдау жасап, соны қанағат тұтып кеткен емес».

Дайындаған: Назерке Лабихан

Оставить комментарий

Связанные Статьи