АҚШ-та қамаудағы қылмыскер өзін ату жазасына кесуін сұрауда

/uploads/thumbnail/20170710063211885_small.png

Американың Джорджия штатында өлім жазасына кесілген қылмыскер өзін ату жазасына кесілуін қалап билікке арыз жазған деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі life.ru-ға  сілтеме жасап. Джей Лефорд арнайы өлтіртетін инъекция құю арқылы 16 мамырда жазаланбақ. Тұтқынның айтуы бойынша, осы уақытқа дейін ол көп мөлшерде ауырсынуды жеңілдететін дәрі-дәрмек ішкен. Соның салдарынан инъекцияны құйған кезде ол есінен танып қатты қиналуым мүмкін дейді. Лефордтың арызын штат прокуратурасында қарап, оны қанағаттандырусыз қалдырды. Өлім жазасын 25 жыл бойы күткен тұтқынның тек жазаның жүзеге асырылуына 5 күн қалғанда ғана арызданғаны көңілге қонымсыз дейді прокуратура. Сонымен бірге ату жазасы дәрімен өлтіруге қарағанда жеңілірек екенін дәлелдей алмаймыз дейді. Ол 1992 жылы қарт ер адамды айуандықпен өлтіргені үшін өлім жазасына кесіліп, 25 жыл бойы  қамауда болған.

 

Шолушы: Назерке МҰСА

Оставить комментарий

Связанные Статьи