Мәскеуде Ресей, Қазақстан, Қытай елдері аумағында өтенін «Жібек жолы 2017» халықаралық ралли-марафоны маршрутының салтанатты таныстырылымы ұйымдастырылды, деп хабарлады Қамшы ақпараттық агенттігі Қазақстан бойынша баспасөз үйлестірушісіне сілтеме жасап.
Ғаламшардың ең ұзақ раллиі дәстүрлі түрде Мәскеудегі Қызыл алаңда 7 шілдеде басталады, одан әрі жарыс өз жолын шығысқа қарай жалғастырады. Қазақстанға керуен 10 шілдеде келеді. Раллиді өткен жылғыдай бірінші болып Қостанай өңірі қарсы алады, келесі күні жарысқа қатысушылар Қостанай-Астана бағытымен жолға шығады.
11 шілдеде марафоншылар Қазақстан астанасына жетіп, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында салтанатты түрде көшелермен жүріп өту шарасы ұйымдастырылады. 12 шілдеде кезекті Астана-Семей бағытындағы сапар басталады. Қазақстандық маршрут 13 шілдеде Семей-Үржар кезеңімен аяқталады. ШҚО-дан «Жібек жолы» Қытайға аттанады. Қатысушылар 22 шілдеде ежелгі Сиань қаласындағы мәреге жетуі тиіс.
Рәсімнің ресми бөлігіне «Жібек жолы» раллиі дирекциясының өкілдері, Ресей, Қазақстан, Қытайдан ұйымдастырушылар, әріптестер, сондай-ақ РФ-дағы ҚР Елшілігінің 2-ші хатшысы Марлен Бабашев пен «Нұр Отан» партиясының Астана қаласындағы филиалының орынбасары Бақыт Сапаров қатысады. Ралли маршруттарының кестесі
7 шілде. Салтанатты басталуы. Мәскеу, Қызыл алаң
8 шілде. 1-кезең. Мәскеу - Чебоксары
9 шілде. 2-кезең. Чебоксары - Уфа
10 шілде. 3-кезең. Уфа - Қостанай
11 шілде. 4-кезең. Қостанай - Астана
12 шілде. 5-кезең. Астана - Семей
13 шілде. 6-кезең. Семей - Үржар
14 шілде. 7-кезең. Үржар - Таченг (ҚХР)
15 шілде. 8-кезең. Таченг - Үрімжі
16 шілде. Демалыс күні. Үрімжі
17 шілде. 9-кезең. Үрімжі - Хами
18 шілде. 10-кезең. Хами - Дуньхуань
19 шілде. 11-кезең. Дуньхуань - Цзяюйгуань
20 шілде. 12-кезең. Цзяюйгуань - Алашань Юци
21 шілде. 13-кезең. Алашань Юци - Чжунвей
22 шілде. 14-кезең. Чжунвей - Сиань. Финиш.
Оставить комментарий