Трамп пен Ресейдің байланысы туралы айтылған республикашылдардың жасырын аудиожазбасы жарияланды

/uploads/thumbnail/20170710072338244_small.jpg

Washington Post газеті конгресстегі республикалық фракциның басшысы Кевин Маккарти жеке әңгімесінде Дональд Трамп президенттікке үміткер болғанда Ресей билігі оған ақша төлеуі мүмкін деп болжаған.

 

Газет 2016 жылы 15 маусымда түсірілген аудиожазбаның жазбаша нұсқасын жариялады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Онда Маккарти РФ Президенті Путин, Рорабакер мен Трампқа ақша төлеп отыруы мүмкін екенін айтады.

 

Washington Post газеті ары қарай аудиожазбада палата спикері Пол Райанның даусы естілетінін жазады. Онда ол  «Ақпарат ешқайда шықпасын, жақсы? Осылайша нағыз отбасы екенімізді білеміз. Болмашы нәрсеге бола ұрысудың қажеті жоқ» деді Райан.  

 

Газеттің жазуынша, бұл әңгіме Трамп Республикашыл партияның атынан президенттікке үміткер болып тіркелгенге дейін болған.  АҚШ-тағы Ұлттық комитеттің Демократиялық партиясының компьютерлерін хакерлер бұзғаны жөнінде ақпарат шықты.

Соның нәтижесінде, американдық арнайы қызмет болған жәйтке ресейлік арнайы қызметті айыптады. 

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Оставить комментарий

Связанные Статьи