Жапония билігі 200 жылда алғаш рет императорлықтан бас тартты.
Мұндай шешім қабылданғанына қарамастан, Акихито «Ұлы мәртебелі» атағын сақтап қалады, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.
Жапония министрлігі Акихито патшаның «Хризантема» тағын мұрагер ханзадасы Нарухитоға тапсыру жөнінде заңды мақұлдады. Asian Review порталының дерегінше, соңғы екі ғасыр ішінде мемлекет алғашқы рет патшалықтан бас тартып отыр.
Акихито өз өкілеттілігін толықтай 2018 жылдың желтоқсанында тоқтатады, ол кезде жапон патшасының жасы 85-ке келеді. Бірақ, одан кейінде Акихито «Ұлы мәртебелі» атағын өмірінің соңына дейін сақтап қалады.
Шолушы: Гүлім Жақан
Оставить комментарий