Ананың баласына деген махаббаты шексіз. Ол тек қиын сәтте қолдау көрсетіп, жаныңнан табылып қана қоймай, қандай жағдай болмасын бауыр еті баласын тастамайды. Оған оқырман назарына ұсынып отырған мына оқиға тағы бір дәлел.
1988 жылы Цзоу Хонгян есімді қытайлық әйел ұл баланы дүниеге әкеледі. Сәби көптеген ауытқушылықтармен дүниеге келді. Онда мидың сал ауруы байқалған. Дәрігерлер сәбидің өмір бойы мүгедек болып өтетінін, сондықтан сәбиден бас тартуға кеңес береді. Олар бала өзгенің көмегінсіз өмір сүре алмайтынын, соның салдарынан қатты қиналатынын айтқан. Алайда Цзоу Хонгян баласын бағып-қағуға шешім қабылдады.
Бастапқы кезде Цзоу баладан бас тартқан әкесімен ажырасып кетті. Бүкіл өмірін жалғыз баласына арнады. Әйел бір уақытта үш жерде жұмыс істеді. Бос уақытында баланың интелектуалдық деңгейін өсіріп, логикасын дамытатын түрлі ойындар ойнады.
Ол тіпті баласына тамақ жеуге арналған таяқтарды ұстауды үйретті. Бастапқы кезде баланың қолы әлсіз болғаны соншалық қолына зат алуы мүмкін еместей көрінді. Цзоу Хонгянның айтуынша, баласы өзін қоғамда жақсы сезіну үшін қолдан келгеннің барлығын жасағанын айтады.
29 жылдан кейін Дин нағыз анасының қамқоршысына айналды. Ол Пекин университетін тәмәмдап, арнайы бағдарлама арқылы Гарвард унивеситетіне түсті. Цзоу Хонгян баласын мақтан тұтатынын айтады.
Осыдан ананың махаббаты кез-келген дерттен айықтыра алатын қасиетке ие деген ойға келесің.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет
Оставить комментарий