ТҮРКИЯ ШЕКАРАСЫНАН ЕМІН-ЕРКІН ЖИҺАДҚА КЕТІП ЖАТҚАН ӨЗБЕКТЕР МЕН ҰЙҒЫРЛАР
Ердоғанның Идлибдегі әл-Каидасы әшкереленді деп жазады aktifhaber.com. Хабарға сай, Ердоған режимінің ашықтан-ашық қолдау көрсеткен Идлибдегі радикал ұйымдардың әл-Каида нұсқауымен әрекет ететінін көрсететін видео жарияланған.
Сондай-ақ, AKP-нің (Түркияның қазіргі билік партиясы Әділет және Даму) әл-Каидашылар үшін ашқан астыртын заңсыз шекара қақпалары алғаш рет таспаға түскен. Араб әлемінің алпауыт газеті Akhbar үшін Идлиб құжатын дайындаған дубайлық Al Aan TV тілшісі Jenan Moussa Түркия шекарасындағы әл-Каида трафигін жұртқа жария етті.
Идлибте Ахрар аш-Шам-нан бастап, радикал жиһадшылар пайдаланған астыртын шекара өткелдері туралы алғашқы болып жариялаған Moussa әл-Каидаға қарасты Қытай паспорты бар шығыс түркістандық, орта азиялық және араб террористердің соғысып жүргенін және Түркияға емін-еркін кіріп-шығып жүргенін құжаттады. Түркияда да террорлық іс-әрекеттермен айналысқан өзбек топтары араб тілшісінің объективіне түскен. Moussa-ның телевизиядан таратқан деректі фильмінде Анкара қолдау көрсеткен әл-Каиданың апандары егжей-тегжейлі түсіндіріледі.
ӘЛ-НУСРАНЫҢ ЕСІМ ОЙЫНЫ
Al Akhbar-да жарияланған досье есеңгірететін ақиқатты ортаға шығарды: әл-Нусра әлі өз атымен іс-әрекет етіп жатыр. Әл-Каиданың ресми органы ретінде Сирия соғысына кірген әл-Нусра 2 жыл бұрын атын Фет-уль Дамаск деп өзгертіп, қатарына «ұстамды» деген басқа топтарды да қосып алып, халықаралық эмбарго қойып және террор тізімінен ойып орын алуға тырысқан. Алайда, майдандағы жағдайдың бұлай еместігі белгілі болды. Moussa жариялаған видеоға сай әл-Нусра жариялаған ақпараттарында әлі күнге дейін әл-Нусра атын қолданып келеді. Әл-Нусраның бір бюросына тиесілі қабырғада әрі «Фет-уль Дамаск» әрі «әл-Нусра» деп жазылып тұр. Ахрар аш-Шам мен әл-Нусра террористері бір аймақта «бауырлар» сияқты өмір сүреді.
Идлибде салмақты оппозиция өтірігінің дәурені өтті.
AKP ашықтан-ашық қолдау көрсеткен Идлибтегі ұйымдарды 2 жыл бұрын тарап кеткен Сирия Азат армиясы сияқты «ұстамды» топтар ретінде Түркиядағы қоғамдық пікірге сіңдіруге тырысады. AKP идеологтарының бірі Нуреттин Иылдыз Идлибтегі әл-Нусра мен Ахрар аш-Шам қолбасшыларына барып-қайтқан соң ондағы радикал террористерді мақтау сарыны бар хат та жариялаған. Ол хатта радикал қолбасшыға «Ыстамбұлда кездесуді тілеймін» деуге дейін барып, байланыстарын ашық көрсеткен. İHH (Адам құқықтары мен бостандықтары гуманитарлық қоры) сияқты AKP-нің, MİT-тің (Ұлттық барлау ұйымы) «Сирияда жиһад» көмегі үшін қолданған қорлары мен ұйымдары да әл-Нусра мен Ахрар аш-Шам сияқты ұйымдармен байланыстарын ешқашан жасырмаған. AKP сойылын соққан тілшілердің бұл ұйымдармен жазған текстері ұшан-теңіз. Алайда, Moussa-ның Идлибте түсірілген ең жаңа, ең ауқымды материалына қарасаңыз Иблибте жалғыз ғана ұйымның ережесі жүреді. Ол – әл-Каида.
Әл-Нусраның ашық есімімен іс-әрекет еткені көрінетін құжатта қабырғалар әл-Каида лидері Айман аз-Завахиридың сөздерімен безендірілген. Бұл топтардың өткелі үшін Түркия ашқан астыртын және заңсыз шекара қақпалары AKP-нің аталған аймақта әл-Каиданы қолдап келе жатқанын дәлелдейді.
MOUSSA-НЫҢ КӨЗІМЕН ИДЛИБ
Видео хабардың ең естен тандырар бөлімдерінің бірі Moussa маңдайшалары – қабырғаларды және айналада жүрген адамдарды көрсеткен ол былай дейді: Идлибте әл-Нусра билбордтарына ілген хабарламалар арқылы халыққа «Батысқа немесе басқа бір елге қашпаңдар. Осында қалыңдар» деп жазылған. Қабырғаларда жүздеген, мыңдаған әл-Нусра белгісі, жазулары, ұрандары бар. Әл-Каида мұнда ашықтан-ашық қожа бола бастаған. Әр жерге асылған әл-Каида символдары осы қалаға кімнің әмірі жүретінін ашық көрсетеді.
Moussa айырықша әл-Нусраның Идлибте өздеріне қарсы шыққандарды атқан қапастар туралы да ақпарат береді.
ӘЛ-КАИДА КІТАПТАРЫ ТҮРКИЯДА БАСЫЛҒАН
Moussa-ның хабарларының тағы бір тосыны ұлтшыл Түркмен және шығыс түркістандық топтардың әл-Нусрамен байланыстарының жария болуы. Анкарада Карлов қастандығын жасаған Мевлут Мерт Алтынташ қарасты болған түрік ұлтшыл топтары үшін Ахрар аш-Шам тарабынан арнайы «Жиһат» кітаптары ерекше аталған. Ол кітаптардың басылған жері Түркия. Кітаптарда жастарды соғысқа шақырудан бастап тұтқынға алынған қатындарға қалай мәміле жасау керек екендігіне дейінгі «білім» бар.
Оставить комментарий