Азамат Сатыбалдының «28 Theater» театры өз шымылдығын ашпақ

/uploads/thumbnail/20170710075700334_small.jpg

 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды «28 Theater» атпен өзінің жеке театрын ашқан болатын. Бүгін театр «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясымен  шымылдығын ашады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

«Бұл жайында Азамат Сатыбалды  Instagram желісінде «28 Theater» театры Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясымен өз шымылдығын ашқалы тұр»,- деген болатын.

Тағы бір жазбасында «Қымбатты достар, біздің спектакльдің болатын жерін айтып кетейін. Алматы қаласы Пушкин мен Гоголь көшесінің қиылысындағы Қуыршақ театрының ғимаратында өтеді.22 мамыр кешкі сағат 19:00 да болады. М.Задорнов "Күйеуіңізді сатыңызшы" комедиясы. Сіздерді асыға күтеміз»,- деді Азамат Сатыбалды.

«Күйеуңізді сатыңызшы» комедиясының авторы М. Задорнов және аударған    Т. Әлімбекұлы мен О. Кенебаев. Комедияның ұзақтығы 90 минут.

Дайындыған: Ақнұр МҰХТАРХАН

Связанные Статьи