Америкалық Мила Кларк өмір бойы артық салмақпен күресіп келеді. Құрдастары оны 3 жасынан бастап «толық» деп атаған. Толықтығы жыл сайын артып, төсектен тұра алмайтын жағдайға жеткен.

Уақыт өте келе 5 баланың анасы төсек тартып жатқан. Сол сәттен бастап артық салмақтан арылудың жолдарын қарастыра бастаған. Содан бері жыл өтті және біраз өзгерістер орын алды.

Тез әзірленетін тағамдарға деген сүйіспеншілігі Милада бала күнінен бастап пайда болған. Миланың анасы бос уақытында дүкенге бірге барып түрлі тәттілерді сатып алып беріп жүрген. Соның нәтижесіне толықтыққа душар болып отыр.

Жылдар бойы Кларк күйеуі және балаларымен бірге өмір сүруде.

Қуанышына орай төсектен тұра алмайтын әйелдің отбасы мүшелері жақсы болып шығады. Анасына жақсы күтім жасайды.

Миссис Кларк бір баланы босанғаннан кейін өміріне қауіп төне бастаған. Сондықтан күйеуі екеуі ақылдасып 4 баланы асырап алған.

Артық салмақтан арылуға бастама болған тағы бір жайт бар. Күйеуінің жүрегі ауырып ауруханаға түскен сәтте жағдайын білу үшін ауруханаға да бара алмайды. Соған ашуланған Мила салмақ тастауға шешім қабылдайды.

Алайда оның өзі әйелге оңайға соқпайды.

Төсек орнынан мүгедектер арбасына әрең ауысқан көпбалалы ана гастроэнтерология саласының бірінші классты маманына жүгінеді.

Ауруханаға барған сәтте әйелді көрген дәрігерлер тіпті салмағын өлшей алмаған. Ауруханада біраз уақыт ем алу ұсынылып ,арнайы тамақтану режимі қойылған.
Соның негізінде екі ай ішінде науқас 39 келі салмақ тастаған.

Біраз уақыт өткен соң әйелге операция жасалды.

Барлық емін қабылдай келе әйел 124 келі тастап, бүгінде өзі жүріп тұра алатын халге жетті. 216 келі салмақта болудың өзі Мила үшін үлкен жетістік.

Әйелдің алдағы уақытта да салмақ тастау үшін жаттығуды тоқтатпайтыны белгілі болып отыр.

Дайындаған: Айгерім Таубай