Чарла Нэштің құрбысының үйінде Трэвис атты шимпанзе болған деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. Трэвис өзі су ішіп, кілттің көмегімен есікті аша алатын еді. Сонымен бірге Трэвис түрлі жарнамаларға жиі түсетін.
Бір күні Чарла құрбысының үйіне келеді. Не болғаны әлі күнге дейін белгісіз алайда Трэвис әйелге кенеттен тістей жөнелген. Шимпанзе Чарланың құлағын, мұрнын, бетін тістеп тастаған. Чарланың құрбысы Сандра шимпанзені пышақпен қорқып тоқтатпақ болғанымен, оны одан сайын ашуландыра түсті. Соғында шимпанзені тапаншамен атуға тура келген.
Чарланы ауруханаға тездетіп жеткізген. Дәрігерлер оның өмірін аман сақтап алу үшін 7 сағат бойы операция жасаған. Чарла болған оқиғаның кесірінен өмір бойы соқыр болып қалды. Ол операциядан кейін адам танымастай өзгеріп кетті.
Оның бет терісін қалыпқа келтіру үшін біраз уақыт кеткен. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.Чарла өз уақытын аудио кітаптар немесе радио тыңдаумен өткізіп жатыр.
Дайындаған: Әсел Өтешова
Оставить комментарий