Мектеп оқушысын зорламақ болған педофилді халық өз бетінше жазалады (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710114222445_small.png

Мектеп оқушысын зорламақ болған ер адамды ұстап алған Қырғызстандағы Ақ-Ордо  тұрғындары оны өз бетінше жазаламақ болған деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі knews.kg сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, педофилді оқиға орнында ұстап алған. Видеодан тұрғындарыдың күдіктіні байлап, соққыға жыққанын көруге болады. Олардың сөзінен мұндай жағдай бұрында да болғанын байқауға болады.

Видеода мектеп оқушысын зорламақ болған ер адамның полковник екені де айтылады. Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Связанные Статьи