Алматыда екі автобус ірі жол апатына ұшырады (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710161145629_small.jpg

Алматыда екі автобус ірі жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz мәліметіне сүйеніп.

 Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы Тобаяқов көшесінде болған. 

 "Тобаяқовпен шығыс бағытта Сейфуллин көшесінен бастап кептеліс. Екі автобус жолға таласып қалған. Ірі жол апаты болды", - деп хабарлады оқиға орнынан куәгер. 

Instagram желісінде жарияланған видеолардың бірінде №17 бағыттағы автобус жол апатына ұшыраған.  Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Шолушы: Айгерім Таубай

Связанные Статьи