Блогер жақында ғана жөндеу жұмыстары жүргізілген жолдың жағдайы туралы айтып берді (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710161314096_small.png

Қазақстандық блогер Бейбіт Әлібеков өзінің Facebook парақшасында Алматы мен Астана арасындағы жолдың жөндеу жұмыстарынан кейінгі жағдайын көрсетті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. 

Айта кетейік, "Казавтодор" екі қала арасындағы жолда жөндеу жұмыстарын жүргізіп, барлығы дұрыс екенін айтқан. Көлікпен Астанадан Алматыға бет алған блогер жағдай мүлде басқа екенін және соған жауапты министрдің аталмыш мәселеге назар аударуын сұрады. 

"Бірнеше сағат бұрын біздің көзімізше көлік шұңқырға түсіп кетті. Қазақстан әскерін Сирияға жібереді деп жатыр. Бізге соғыстың қажеті жоқ. Қазақстандықтар соғыссыз-ақ нашар жолдардың кесірінен апатқа ұшырап, көз жұмып жатыр" деді Бейбіт Әлібеков. 

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Связанные Статьи