Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі директоры пара алу үстінде ұсталды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710161319623_small.jpg

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қаласы бойынша департаменті  ҚР Инвестиция және даму министрлігінің "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі" РМК бас директоры Б.Ш.Халық 70 мың доллар көлемінде кезекті пара алу үстінде ұсталды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікті атқарылған жұмыстар актісіне қол қойып бергені үшін мердігер ұйымдардан жүйелі түрде пара алу бойынша қылмыстық жоспар құрған.

Сонымен қатар, Б.Ш.Халық бас есепші К.Т.Медебаевамен және кәсіпорынның Атыраудағы филиалының жетекшісі Т.У.Махмутовпен бірге РМК-нің қаражатын ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілініп отыр.

Күдіктінің үйін тінту кезінде 300 мың АҚШ доллары мен 6 миллион теңге тәркіленген.

А.ж. 23 мамырда Б.Ш.Халық , К.Т.Медебаева және Т.У.Махмутов ұсталып Уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Связанные Статьи