Әлеуметтік желіде Ислам дінінің кейбір тариқаттарының «ақылға сыйымсыз ғұрып-құлшылықтары» туралы видеолар тарады деп жазады Qamshy.kz.
Видеоны бөліскен жас ғалым Нұрат Ілияс исламдағы фанатимды әшкерелеген.
«Менің бөліскен видеоларым 1/1000 ғана. Ол да соңғы кездерде смартфондар пайда болғаннан бері түсірілгендер немесе электронды фактілер. (Авраам діндері, Илаһи діндер) Адам мен Хауа, одан кейінгі оныншы ұрпақ Нұх, одан кейінгі оныншы ұрпақ Авраам, қарындасы және әйелі Саара, күң Ажар, інісі Лұт, Арон. Балдары Исмайыл, Искак, олардан Исау мен Якуб (Исраил). Түс жорушы Жүсіп пен інісі Вениамин. Мұса мен Дәуіт, Сүлеймен, Жүсіп пен Марияның баласы Иса. 7 ғасырдың басындағы араб түбегіндегі жағдайларды, бұрынғы Грек мифтері мен дінін, Заростризм, Ахура Мазда, Шумер, Вавилон, Акад, ежелгі Мысыр құдайлары Амон, Ра, 4 халиф пен Умая және Аббасилер династиясын (ислам мен суфизмнің некелестіруін) және көптеген жанама әдебиеттер, таурат, інжіл, құран кітаптарын оқып көрдім. 100 Gb. шамасында материал жинадым. Басым айналып кетті. Мен үшін әсер сұмдық. Өзімше ой түйген болдым. Ал видеолар жәй назар аударсын дегенім. Тарихи кітаптар, фактілер бар, (болған оқиғаны бұрмалап көрсету, болмағанды ойлап табу.) мына видеолар басқа фактілер жанында баланың ойыншығы болып қалады. Атеист емеспін. Деистпін. Объективті пікір болсын. Аз ғана осы. Ең бастысы оқып ізденіп көру керек екен. Түсінгенім елге өтірік айтсаң сенеді, шындықты айтсаң сенбейді» деп жазды.
TARIKAT FOREVER
«Мұзды көлдегі балет»
Күшәланың (көкнәр, ащы шөп) құдіреті
Электр тогымен соғу
Ит болып үру тариқаты
Сауд Арабия. Арабтың «халал гей клубы»
Гейлер некесін қиятын молла
Бұған дейін мұсылман елдеріндегі кейбір қитұрқы салттар туралы Qamshy.kz жазған еді. Соның бірі Ауғанстандағы «еркек балалармен яғни бача-базимен ләззаттанатын» шонжарлар. Жиіркенішті салтқа сай 11 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге әйелдің киімін кигізіп, ерлер қауымының алдында билеуге мәжбүрлейді. Бала үшін көп ақша берген еркек онымен бір түн өткізеді. Түскен ақшаның кішкене бөлігін балаға береді.
Оставить комментарий