ҚАЗАҚСТАН ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН ҚАЛАЙ АРТТЫРДЫ?

/uploads/thumbnail/20170710161942543_small.jpg

Мұнай бағасының түсуі мен ұлттық валютаның құнсыздануы тек қана Ресейге төніп тұрған қатер емес, одан да басқа посткеңестік мемлекеттер үшін де қайғылы жағдай. Оның ішінде экономикасы шикізат экспортына байланған  Қазақстан да бар.  2017 жылы Қазақстанның жағдайы ушыға түсті. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен жылғы сәтсіздік

Қазақстандағы экономикалық қиындықтар 2015 жылы басталды. Мемлекеттің Жалпы ішкі өнімі 16,7 %-ға төмендеген кезде басталды. Ал 2016 жылы ЖІӨ тағы құлдырады. Нақты айтсақ, 184,4 млрд доллардан 135 млдр долларға дейін төмендеді.

Мұндай арзандау әлемдік шикізат бағасының оның ішінде  көмір мен металл, көміртегі секілді ең көп экспорталатын өнімдермен байланысты. Әсіресе алыс шетелдермен сауда байланысы біршама зардап шекті. Минералды шикізаттар мен энегетикалық-жанармай тауарларының аталған мемлекеттерге экспортталуы 70% жеткізілімді алады.

2016 жылғы ішкі сауданың қорытындысы бойынша айналымның көлемі 61,95 млрд долларды құрады, өткен жылмен салыстырғанда 19%-ға азайған. Сонымен қатар экспорт 20%-ға түсіп, 36,8 млрд долларға жетсе, импорт 17,6%-ға түсіп, 25,18 млрд долларға жетті.

Қара алтынның бағасы әлемдік аренада түсуіне байланысты мұнайдың экспортталуы 26,5%-ға түсті. Химиялық сала да 19,2% жоғалтып, 1,91 млрд долларға жетті, ал металургия 0,4%-дан 5,148 млрд долларға дейін экспорттауды қысқартты.

Ауылшаруашлық саласы мемлекеттік қолдауға қарамастан экспортта біршама қаржы жоғалтты: жеткізілім құны 5%-ға төмендеп, 1,106 млрд долларды құрады.

Жаңа жылға жаңа талпыныспен                                                 

Мұнай бағасының орнығуы және ұлттық валютаның қалпына келуі ішкі сауданың дамуына жаңа серпін берді. Қазақ өнеркәсібі жаңа талпыныспен іске кірісті: метал қазбаларыны , мұнайд , табиғи газ 7,8%-ға өсті. Ал өндіруші өндіріс саласы 6,5%-ға өсті.

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, мемлекеттің ішкі саудасы қаңтар мен наурыз айлары арасында 24,2%-ға артып, 17 млрд долларды құрады. Ал экспорт 30%-ға артып, 10,8 млрд долларды құрады. Ал импорт 15,1%-ға артып, 6 млрд долларды құрады.

Мұнай мен металл

Көміртек бағасының қымбаттуы экспорттың өсуіне алып келді. Минералды өнімдерден түсетін пайда 37,8%-ға өсті, ал мұнайды экспортау барысында пайда көлемі 35%-ға өсті.

Позитивті динамикаға қарамастан сарапшылар болашаққа күдікпен қарауда. Мұнай бағасының қымбаттауының арқасында мұайдан түсетін қаржы көлемі артты, бірақ Қазақстан былтырғы жылмен салыстырғанда мұнай өндіруден біршама артта қалып тұр. Шетелге 15,9 млн тонна шикі мұнай сатылды, ал бұл соңғы 6 жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткіш.

Бұл дегеніміз мұнайға деген сұраныстың азайып бара жатқанынан хаьбардар етеді. Оның ішінде Қазақстандағы мұнайға деген сұраныстың. Әсіресе Қытай, Жапония, Испания секілді алпауыт елдер сұранысты азайтып жатыр.

Айта кетсек, жыл өткен сайын Еуропадан Азияға тауар экспорттау қарқынды дамып келеді. Басты сатып алушы ретінде Қытай мен Жапония көшті бастап тұр. Қазақстан Үндістан, Түркия, Өзбекстан арасында нарыққа қарқынды шығып жүрен елдердің көшін бастап тұр.

Қазақстан кіммен көбірек сауда байланысын жүргізуде?

Соңғы үш айда Қазақстан сауда байланысын біршама дамытты. Сонымен қатар өзге елдердің сауда айналымында сауда көлемін кеңейтті. Қазақстанның өнімдерін сатып алудан алғашқы қатарда тұрған – Италия. Экспорт көлемі 2185,3 млн долларды құрап отыр. Италиялықтар Қазақстаннан шикі мұнай, мұнай өнімдерін және қант алады. Басқа да Еуропа елдерінің көңілінен шығып жатыр. Экспорт көлемі Венгриядан  2,3есе, франциядан 2,4 есеге, Словакиядан 2,7 есеге өскен.

Ал Қытай Қазақстанның өнімдерін сатып алудан екінші орында тұр. Жалпы көлемі 1230,2 млн долларды құрап отыр.

Айта кетсек, Қазақстан мен Ветьнам арасында сауда байланысы қарқынды дамып келеді. Сауда көлемі 72,8 млн долларға жетіп отыр.

Ал шетелдерден импортталатын өндіріске келер болсақ, Қазақстандықтар шетелдерден автокөлік пен түрлі жабдықтар сатып алады.

Аударған: Айгерім ТАУБАЙ

 

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи