Украинаның премьер-министрі Владимир Гройсман ICTV телеарнасына берген сұхбатында Петр Порошенконың екінші мәрте президенттік сайлауға түсу мүмкіндігі туралы айтып берді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
«Менің ойымша, президент екінші президенттік кезеңге өтіп жатқанын мәлімдейтін уақытта белгілейді. Шын мәнісінде әр адам үшін бірінші немесе екінші кезең болсын бұл – қара бастың қамын ойлауды білдірмейді. Бұл –құрал» деді Украинаның премьер-министрі.
Сонымен қатар, Владимир Гройсман әрқашан Порошенконы қолдайтынын, маңызды шешімдерді қабылдағанда да қолдайтынын жеткізді.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет
Оставить комментарий