34 жастағы Жұлдыз Қыстауова Жезқазған түрмесіне түсіп, кенеттен ол қайтыс болды деген . Өлімнің себебі: өз өзіне қол салған. Алайда туыстары Жұлдыз өзін өлтірді дегенге сенбейді, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі NewTimes.kz сайтына сілтеме жасап.
Туыстарының айтуынша, 7 сәуір күні Жұлдыз Қыстауованы бір ер адам зорламақ болған. Өзін қорғау мақсатында жасалған іс-әрекеттен Жұлдыз ол ер адамды өлтіріп алған.
«Үш ай бойы менің қызым тергеу абақтысында жатты. Оны біресе Қарағандыға, біресе Жезқазғанға тасып жүрді», - дейді Жұлдыздың анасы Маруза Жұмабекова.
Оның ойынша, қызын ақтап алуға болатын еді немесе шартты жаза тағайындалатын еді. Сондықтан да Жұлдыздың туыстары тергеу жұмыстарының аяқталғанын тосып, сот отырысын күтіп жүрген. 26 маусым күні Жұлдыздың туыстарына оның өлімі жайлы хабар келген. Ресми құжаттарда өз-өзіне қол салды деп көрсетілген.
«25 маусым күні бір ер адам хабарласып ауруды басатын дәрі алып келіп беруді өтінді. Ал бір күн бұрын Жұлдыздың өзі хабарласып аяғы ісіп кеткендігін, соған қарсы дәрі алып келіп беруді өтінген болатын. 26 маусым күні оның асылып қалғандығын естідік», - дейді оның анасы.
34 жастағы әйелдің анасы қызының өзіне қол салды дегеніне сенбей отыр.
Біріншіден, оның өзіне қол жұмсайтын ойы бар екендігінен мүлдем хабарсыз болған. Үш ай бойы туыстары Жұлдызбен кездесе алмаса да, апта сайын одан хат алып тұрған. Ол өзіне барынша сақтықпен қарап, жақын арада үйге оралатындығын жазған.
«Оның артында 8 және 13 жастағы екі балалары қалды. Оларға тек жақсылыққа үміттеніп жүргендігін жазған. Жақын арада бостандыққа шығып, қастарына оралатындығын айтқан. Ешқандай да өз-өзіне қол жұмсауға қатысты бірде-бір белгі жоқ», - дейді Маруза Жұмабекова.
Екіншіден, Жұмабекованың айтуынша, суреттерге қарап отырып, оны қинап өлтіргендігін көруге болады.
«Оның денесінің барлығы көгерген. Көптеген сызаттар бар, миына зақым келген және де шашына белгісіз сұйықтық жағылған. Бас сүйегі мен тырнақтары сынған, денесінің әр жері тілгіленген. Оның мәйітін бізге жерлегенге дейін көрсеткен жоқ. Мәйітханаға кіргізбей тастады. Тек жерлеуге дайындалып жатқан кезде ғана біз бұл сұмдық картинаны көрдік», - деп қоса кетті анасы.
Жұлдыз Қыстауованың өліміне қатысты өзінің шағымдарын оның туыстары ҚР бас прокуратурасына жолдады.
Дайындаған: Назерке Лабихан
Оставить комментарий