Қазақстанда 64,5 млрд. теңгеге 8 768 автокөлік өндірілді

/uploads/thumbnail/20170726100046901_small.jpg

Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚазАвтоӨнеркәсіп» Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағы Республиканың автоөндірушілерінің 2017 жылдың І жартысындағы жұмыс қорытындыларына арналған баспасөз конференция өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Конференцияға «КазАвтоПром» Қазақстандық автомобильді кәсіпорындар одағы» ЗТБ басқарма төрағасы Олег АЛФЁРОВ қатысты.

Есептік кезеңнің қорытындылары бойынша Қазақстан аумағында  жалпы құны 64,5 млрд. теңгенің 8 768 автокөлік құралы (жүк техникасы мен автобус техникасын қоса алғанда) өндірілді. Өнім көлемінің заттай көрінісі өткен жылдың көрсеткішінен 3,6 есе асып түсті. Жеңіл автокөліктер өндірісі 7 779 бірлікке жетіп, 5,3 есе ұлғайды.

Автобус техникасын шығару (313 бірл.) 2017 жылдың қаңтар-маусымы айлары қорытындылары бойынша бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 4,4 есе ұлғайды. Жүк автокөліктері өндірісі (487 бірл.) 32,1% қысқарды.

2017 жылдың маусым айының нәтижелері бойынша автокөліктер шығару 1818 бірлікті (2016 жылдың ұқсас айына қатысты 2,5 есе өскен) құрады.

Отандық автозауыттардың өнім өткеруі жылдың басынан бері 7 748 бірлікті құрады, бұл өткен жылдың мәнінен 57,5% жоғары. Қазавтоөнеркәсіп кәсіпорындарының нарықтық үлесі өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі 21,8% салыстырғанда 37% жетті. Бұл ретте маусымда бұл көрсеткіш тарихи максимумды жаңартып, 46,9% құрады.

Есептік кезеңнің қорытындылары бойынша 831 автокөлік (саладағы өткерудің 10,7%) Қытайға, Ресейге, Беларусьқа және Тәжікстанға экспортқа жөнелтілді. Экспорттық жеткізілімдердің көшбасшысы Lada бренді болып табылады. Оған 696 шетелдік сатып алушы ықылас білдірді. Қазақстандық автоэкспорт құрылымындағы Hyundai (жүк коммерциялық техникасының 69 бірлігі) және JAC маркілеріне (66 бірлік) де қызығушылық көрсетілді.

663 автокөлікті ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында жеңілдікті автонесиелер мемлекеттік бағдарламаларына қатысушылар сатып алды. Олардың үлесіне жергілікті жерде құрастырылған жеңі автокөліктер сатылымдарының  8,6% тиесілі.

Жергілікті жерде құрастырылған автокөліктер сегментінде басым жайғасымды «АЗИЯ АВТО» АҚ иеленеді – сатылған 5368 автокөлік немесе отандық техниканың жиынтық өтімінің 69%. «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС 1570 бірлікті (сегменттегі үлесі – 20%) жөнелтті. Одан әрі қарай отандық автоөндірушілер өнімдері өтімінің рейтингінде «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (222 бірл.; 3%), «СемАЗ» АҚ (206 бірл.; 3%), «АгромашХолдинг» АҚ (200 бірл; 3%) және «Hyundai Trans Auto» ЖШС (182 бірл.; 2%) орналасқан.

2017 жылдың бес айының қорытындылары бойынша Қазақстанда құрастырылған жеңіл автокөліктердің аса талап етілген брендтерінің бестігін Lada (3849 бірл.), KIA (962 бірл.), Hyundai (687 бірл.), Chevrolet (496 бірл.) және JAC (347 бірл.) құрады. Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркілер тізіміне сондай-ақ SsangYong (159 бірл.), Peugeot (114 бірл.), Skoda (107 бірл.), Ravon (41 бірл.) және Geely (25 бірл.) енді.

Жергілікті жерде құрастырылған жеңіл автокөліктердің сатылымдары рейтингін Lada брендінің модельдері бастады: Lada 4x4 (1949 бірл.), Lada Granta (772 бірл.) және Lada Largus (598 бірл.). Қазақстандықтарда танымал модельдердің тізімін сондай-ақ Hyundai Tucson (290 бірл.), JAC S3 (289 бірл.), Hyundai Elantra (265 бірл.), KIA Optima (261 бірл.), Chevrolet Cruze (238 бірл.), Lada Vesta (184 бірл.), Lada Kalina (172 бірл.), Lada XRAY (172 бірл.) және KIA Cerato (172 бірл.) толықтырды.

Сала кәсіпорындарының республика ЖІӨ-не үлесі алты айдың қорытындылары бойынша 64,5 млрд. теңгені құрады (бір жыл бұрынғы көрсеткіштің +20,1%), бұл фармацевтикалық, жеңіл және қағаз өнеркәсібінің ұқсас сандарынан едәуір артық. Сала кәсіпорындарының негізгі капиталына инвестициялар 2017 жылдың қаңтар-маусым айлары кезеңінің қорытындылары бойынша бір жыл бұрынғы 293,7 млн. теңгемен салыстырғанда 3,4 млрд. теңгені құрады.

Связанные Статьи