Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективасын талқылады.
Сондай-ақ, екі елдің көшбасшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.