Астанадағы Маңғыстаудың мәдениет күндері

/uploads/thumbnail/20170814180312340_small.jpg

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мақсат Сқақовтың қатысуымен баспасөз конференция өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Маңғыстау облысының «Қарт Каспийден сәлем ал, ерке Есіл!» атты өнер күндері өтеді. 15-18 тамыз аралығында барлығы 38 мәдени шара өтеді деп жоспарланып отыр.

Мәдениет күндерінің ашылуы 15 тамыз күні сағат 21.30-да ЭКСПО алаңындағы амфитеатрда өтеді. Ашылуға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов және 350 өнерпаз қатысады. Концерттік бағдарламада ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Дарын сыйлығының лауреаты А.Қосанова, Тамара Асар, Камшат Жолдыбаева, Ғалымжан Жолдасбай, Лұқпан Жолдасов өнер көрсетеді.

16 тамызда «Шабыт» шығармашылық сарайы Жамбыл Жабаев атындағы концерт залында сағат 19.00-да ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушановтың «Біздің елдің жылқысы кіл көкмойнақ» атты шығармашылық кеші өтеді. Кешке 53 өнерпаз қатыспақ. 

17 тамыз күні сағат 16.00-де Этно-ауылда этнографиялық театрландырылған мәдени шараның ашылуы өтеді. Ұлттық салт-дәстүр, ұлттық спорттық ойындар, ат жарысы және т.б. Барлығы 273 өнерпаз қатысады.  

Сағат 19.30-21.00-де Дарын сыйлығының лауреаты Тамара Асар, Ғалымжан Жолдасбай  және «Жорға» халықтық би ансамблінің фольклорлық концерті өтеді . Кешке 65 өнерпаз қатысады.

Сол күні сағат 19.00-де Конгресс-холлда Маңғыстау облыстық М.Өскінбаев атындағы филармониясы А.Тарақұлы атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің дәстүрлі ән-күй-жыр саздарының концерті болады. Оған 70 әртіс қатысады.

18 тамыз күні сағат 19.00-де  М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрының «Шыңырау» спектаклі өтеді. Барлығы 45 әртіс қатысады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар 15-18 тамыз күндері Этно-ауыл аймағында да түрлі мәдени шаралар өтеді.

Жалпы, Астанадағы Маңғыстаудың мәдениет күндеріне барлығы 567 өнерпаз қатысады. Оның 20-сы қолөнер шеберлері, 233 кәсіби ұжымдар мен әртістер және 120 этномәдени бірлестіктерінің көркем өнерпаздары.

 

Связанные Статьи