Қазақстан Әзербайжаннан жеткізілетін 23 түрлі тауардың импортын арттыруға көздеп отыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Trend.az-ға сілтеме жасай отырып.
Ауылшаруашылық өнімдері, соның ішінде картоп, қызанақ, қияр, жаңғақ, алма, алмұрт, айве, өрік, шие өнімдеріне сұраныс көп.
Тізімге сондай-ақ шоколад, қант, темекі шикізаты, шараптар, күнбағыс майы, шәй, жануарлар және өсімдік тектес майлар, ациклді спирт енген. Қазақстан бұдан бөлек, Әзербайжаннан түрлі құрылыс материалдарын, атап айтқанда, цементті, қара металдан жасалған металды конструкцияларды, құбырлар мен қаптау пакеттерін импорттауға қызығушылық танытып отыр. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, Әзербайжан өзге елдерден Қазақстанға жеткізілетін картоп, қызанақ, қияр мен корнишондарды, жануарлар және өсімдік тектес майларды және тағамдық майларды толығымен алмастыра алады.