КХДР президенті Ким Чен Ын әскерилерге кез келген уақытта соққы жасауға дайын жүруге бұйрық берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Рейтерске сілтеме жасап.
КХДР президенті АҚШ қауіпті әскери шиеленісті болдырмауы үшін дұрыс шешім қабылдауы қажет екенін де мәлімдеді.
Ким Чен Ын Гуамадағы базаға соққы жасайтын зымыранды ұшыру бойынша әскердің жоспарымен де танысты.
Солтүстік Корея БҰҰ ҚК санкцияларына қарамастан АҚШ-тың әскери агрессиясы мен оның одақтастарынан қорғануды желеу етіп, өз сынақтарын тоқтатар емес.