Америка Құрама Штатының президенті Дональд Трамп мерзімінен бұрын еңбек демалысына шықты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасай отырып.
Дональд Трамп негізінен 17 күн демалу керек болатын. Бірақ жұмыс кестесіне қарай Ақ үй 10 күндік демалыс қана берді.
«Мен бүгін азанда Вашингтонға қайтамын. Істейтін жұмыстар өте көп. Сауда және әскери мәселелері шешілмей тұр», – деді Трамп өзінің «твиттер» парақшасында.
Американың президенті 4 тамыз күні еңбек демалысына шыққан болатын және 21 тамызда қайтып оралуы тиіс.