Украина Қазақстанның жел қондырғылары қажеттіліктерін қамтамасыз етеді

/uploads/thumbnail/20170816091754248_small.png

Украина ЭКСПО-2017 көрмесінде баламалы энергетика саласында 100-ден астам зерттемелер мен жобаларды ұсынды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Олардың ішінде жел және күн энергетика жобалары, биомассадан өндірілетін энергия жобалары, макро және мини СЭС жобалары. Бұл жобаларды Украина секциясы ұсынатын ЭКСПО-дағы ақпараттық ізденіс жүйесінде көруге болады. Қазақстандық және дүниежүзілік қауымдастықтар тарапынан украиналық зерттемелер мен жобаларға қызуғышылық табысты ынтымақтастықтың келешекте нығаюын қамтамасыз етеді.

«Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымының дамуының әлеуеті зор. Біріншіден, бұл тауар айналымының қайта құрылуымен байланысты, екіншіден баламалы энергетика саласындағы ынтымақтастың жаңа себептері пайда болуында. Украина мемлекетінің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы – бизнестің белсенділігін күшейтеді. Келесі жылы тауар айналымының көрсеткіштерінің өсімімен дәлелдейміз. Бастапқы қадамдар жасалынды. Қазақстан Республикасы Энергетика министрілігі елдің келешек қолданысына төрт украиндық жобаларды іріктеп алды. Бұл «Фурлендер Виндтехнолоджи» компаниясының 2 және 2,5 МВт қуатымен желдік генераторлар, «Passive Dom» компаниясының автономды модульді үй, «Солар Гепс»  фотоэлектрлі жалюзи және «Синеко» күн энергиясы шоғырлаушысы негізіндегі коллектор сияқты жобалар», – ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Украина павильонының комиссар міндетін атқарушысы атап өтті.

Қазірде Украина жел энергиясын дамытуда посткеңестік аумақтағы елдердің арасында көшбасшы болып табылады. 2016 жылы Укрананың жел энергетикасы нысандарының қуаты 437,7 МВт құрады. Бұл қазірде 10 өндірілген киловатт сағат электроэнергиясынан жоғары болып табылатын Украинада қабылданған дүниежүзілік өлшеммен өте жоғары тариф болды. Сонымен қатар, Украина аумағында жаңартылатын энергия көздері жабдықтамалары өндірісін ынталандыру бонустық жүйесі бар. Сонымен егер жабдықтамада украиндық үлес 30%-дан асатын болса, тапсырыс беруші жасыл тарифке 55% үстеме алады, ал егерде украиндық үлес 50%-дан асатын болса, үстеме 10% болады.

Мысалы «Фурлендер Виндтехнолоджи» украиндық компанияның жабдығын оқшаулау деңгейі 50%-дан асады және бұл тапсырыс берушілер бір сағатта өндірілген киловатт - электр энергиясы үшін  1,3 евроценті құрайтын тарифке ие болатындығын білдіреді.

«Фурлендер Виндтехнолоджи» украиндық зауыты бүгінгі күні посткеңестік аумағындағы мультимегаватты санатты жел қондырғыларын өндіретін жалғыз кәсіпорын.

2015 жылы «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасында жүзеге асырылған алғашқы заманауи желпаркі – компанияның ерекше мақтанышы болып табылады. «Фурлендер Виндтехнолоджи» компаниясы желпаркін жобалау барысында Солтүстік Қазақстанға тән -40ºС-тан +40ºС-қа дейін температуралық жағдайларда жұмыс істейтін бірегей жабдықты қолданды. Ерейментау қаласындағы жел электр станциясының жалпы қуаты 45,1 МВт құрайды. Жоба үшін 2,05 МВт дербес қуатты 22 жел қондырғылары өндірілді.

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи