Сирияның әскери-әуе күштері ұшағы Сувейд провинциясында апатқа ұшарады деп жазады РИА Новости-ге сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Әскери ұшақ Сувейд қаласының шығысында құлаған. Қазіргі уақытта апаттың мән-жайы анықталуда», – дейді Сирияның әскери ақпарат көзі.
Жақында Рейтер ақпарат агенттігі оқиғаның сейсенбі күні Иордания шекарасында орын алғанын жазған болатын. Мәліметтерге сәйкес, жоюшы ұшағы қасақана қағылған және ұшқыш тұтқынға алынған деп хабарланды.
Қазіргі уақытта ұшқыш туралы мәліметтер жоқ.
Оставить комментарий