ЭКСПО-2017 көрмесіне АҚШ делегациясын энергетика министрі бастап келеді

/uploads/thumbnail/20170816091348807_small.jpg

Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне америкалық делегацияны АҚШ энергетика министрі Рик Перри бастап келеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады.

«Энергетика министрі, құрметті Рик Перри делегацияны бастайды», – делінген баспасөз хабарламасында. Делегация құрамына Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол, Оңтүстік және Орталық Азия Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің аға директоры Лиза Кертис, АҚШ конгресі палата өкілдерінің мүшесі Кевин Крэмер және тағы басқалары кіреді. Олар Астанада 28 тамыз күні болады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи