Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы қалай жүзеге асып жатыр?

/uploads/thumbnail/20170726103511206_small.jpg

Елбасының Қазақстан халқына 2017 жылдың 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын жүзеге асырудың жалпыхалықтық іс-шаралар жоспарының 4 пунктіне сәйкес, мақсаты ағымдағы жылдың желтоқсан айында ҚР Үкіметінің Қаулысы мен оны одан ары жүзеге асыру болатын, төртінші өндірістік революция элементтері енген 2025 жылға дейінгі базалық өндіріс салаларын қайта қаруландыру бойынша кешенді іс-шараларды әзірлеу бойынша (одан ары іс –шаралар Кешені) ҚР Үкіметінің Қаулысын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Іс-шаралар кешенін әзірлеу аясында бірқатар жұмыстар атқарылды. Оларды атар болсақ:  

Серіктестер тарту.  Өңдеу өндірісі және тау кен рудасы секторында зерттеу және іс-шаралар Кешенін жүргізу үшін шетелдік әлеуетті серіктестер (Фраунгофер атындағы қолданбалы зерттеулер қоғамы және сауда жәе экспорт бойынша Швеция – Бизнес-Швеция кеңесі) анықталды. Іс –шаралар Кешенін әзірлеу аясында осы жылдың 12 сәуірі «ҚИДИ» АҚ-ы  Бизнес-Швеция ұйымымен, сонымен қатар осы жылдың 10 мамыры Фраунгофер атындағы қолданбалы зерттеулер қоғамымен келісімшарт жасалды. Сонымен қатар осы жылдың 18 мамыры Nokia компаниясымен, сонымен қатар АКФ ПИТ-пен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.         

Индустрия 4.0 элементтері енген 2025 жылға дейінгі базалық өндіріс салаларын қайта қаруландыру бойынша ҚР ИДМ жобалық тобының жұмысы.      

Жобалау тобының құрамы бекітілді, құрамына жеке сектор мен мемлекеттік орган өкілдері енді. Кезеңді мерзім негізінде жұмыс тобының отыры болып тұрады, онда өндірісті цифрлауға қатысты мәселелер талқыланады. 

Қазақстандық ТКМК кәсіпорындары үшін модельді өндіріске сапармен баруы. ҚР жұйеқұрастыру компанияларының тәжірибе алмасу үшін, жаңа технологиялар ендіру есебінен еңбек өнімділігі артқан, өндірудің салыстырмалы шығыны азайтылған «Челопеч» руднигіне, Болгарияға техникалық сапары ұйымдастырылды. 

Тау кен рудасы секторы мен өңдеу өндірісіне сауалнама жүргізу.   Швед серіктестерімен бірлесе отыра, кәсіпорын секторларының Индустрия 4.0 элементтерін ендіруге кәсіпорын секторларының дайындығын алдын ала бағалау үшін  тау кен рудасы кәсіпорындарының ірі 36 кен орындарында (Kazzinc, ERG, Kazminerals,  «Оркен» ЖШС (AMT), «Восход-Ориель» ЖШС,   АК «Алтыналмас» АҚ, «Темиртау электрометаллургия комбинаты»АҚ) сауалнама жүргізілді,  Сауалнаманың нәтижесі бойынша алынған ақпарат сараптама үшін швед мамандарына жіберілді. 

Сауалнама Фраунгофер атындағы институт мамандарымен әзірленген әдіснамаға сәйкес жүргізілді, 500-ден астам кәсіпорын бойынша мәліметтер базасы жиналды, өңдеу өндірісінің Индустрия 4.0 дайындығы бойынша қорытынды қалыптастыру және саралау үшін неміс мамандарына жіберілді.  

Тау-кен рудасы секторы кәсіпорындарын анықтау. Швед мамандарымен бірлесе отыра, ағымдағы жылдың 19 маусымы ҚР тау-кен рудасы секторының ірі кәсіпорындарымен семинар өткізілді. Осы семинарда тәжірибе алмасты, швед мамандары тау-кен рудасы секторындағы ірі кәсіпорындармен сұхбаттасты. 20 мен 13 маусым аралығында шетелдік әріптестер (аналитик, инженер, Швецияның ТКМК компаниялары өкілдері)  тау-кен рудасы секторы жағдайын бағалау үшін кен орындарына (Васильковское кен орны – «Алтынтау Кокшетау»АҚ (Казцинк), «Нурказган»кен орны –  «Корпорация Казахмыс» ЖШС, Жолымбет кен орны –  «ТКМК Казахалтын»АҚ) сапармен келді.  

Өңдеу өндірісі кәсіпорындарын сұхбаттасуы. 6 маусым және 14 шілде аралығында «Қазақстан даму институты» АҚ мамандары Фраунгофер атындағы институттың сарапшыларымен бірлесе отыра,  45 әртүрлі өңдеу өндірісі кәсіпорындарымен (тізімі қосымшада) сұхбат жүргізілді. Сұхбаттасу аясында неміс мамандары машинажасау, металлургия, химия/агрохимия/ мұнай химиясы, жеңіл өнеркәсіп, тамақтану өнімдер өндірісі, фармацевтика, сонымен қатар санды технологияны өз қызметіне ендіру тақырыбы бойынша менеджмент компанияларынан сауалнама алды. Сұхбаттасуға Астана, Қарағанды облысы, Алматы және Алматы облысы, ШҚО, ОҚО өңдеу өндірісі кәсіпорындары қатысты.       

Жалпы, сауалнама және сұхбаттасудың нәтижесі бойынша Индустрия 4.0 элементін ендіру бойынша өңдеу өндірісі секторының дайындығын саралау бойынша есеп дайындау жоспарланды. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи