«Барселона» капитаны Андрес Иньеста каталондық клубтың болашағы туралы сөз қозғады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Испаниялық футболшы биылғы маусым аяқталғанда клубтан кетуі мүмкін екенін жоққа шығармады. Иньеста кейінгі уақытта бұрын басынан өткермеген жағдайға түскенін айтады.
«Барселонамен» келісімшартты әлі ұзартқам жоқ. Бұрын болмаған сезімдермен арпалысып жүрмін. Бұл қалыпты да шығар. Қазір үш жыл бұрын елестетіп көрмеген сценарийлер бар. «Барселонадан» кетуді жоспарлап жүрмін, бұрын мұндайды ойлап та көрмеп едім», – деп келтіреді Иньестаның сөзін El Pais.
«Барселона» капитаны, тіпті, «Пари Сен-Жермен» клубына ауысып кеткені үшін Неймарды сынаған жоқ.
Сонымен бірге, каталондық клубтан басты жұлдыз Лионель Месси де кетуі мүмкін екені сөз болып отыр. Англияның "Манчестер Сити" клубы аргентиналық ойыншыны 300 миллион еуроға сатып алуға дайын.
Оставить комментарий