Испания полиция қызметкерлері Барселонада көлікпен бір топ адамды қағып өткен ер адамның кім екендігін анықтады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі RT-ға сілтеме беріп хабарлайды.
Лаңкестің 22 жастағы Юнес Абу Якуб есімді азамат екені белгілі болды. Каталонияның құқық қорғау органдары террористердің жалпы саны 12 болғанын мәлімдеген. Оның бесеуі ұсталып, төртеуі ликвидацияланып, екеуі оқиға орнында қаза тапқан. Ал біреуі іздестірілу үстінде.
Еске салсақ, 17 тамыз күні Испанияның бірнеше өңірінде террористік әрекеттер орын алып, нәтижесінде 130 адам зардап шегіп, 14 адам қаза тапты.
Оставить комментарий