Қазақстанның аумағы Қостанай қаласының үстінде орналасқан кезекті антициклонның ықпалында болады. Сондықтан жақын күндері еліміздің көптеген аумақтарында синоптиктер ауа-райы жауын-шашынсыз болады деп болжауда. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометтің мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Тек қана шығыс және оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттар өтіп, өткінші жаңбыр жауып, найзағай болып, желдің күшеюі болады деп күтілуде.
Температуралық фон батыс, солтүстік-батыста түнде 10-23 градус жылы, күндіз 27-38 градусқа дейін жылы, солтүстік, орталық және шығыста түнде 5-15 градус жылы, күндіз 23-35 градусқа дейін жылы, оңтүстік, оңтүстік-шығыста түнде 10-20 градус жылы, күндіз 22-35 градусқа дейін жылы болады.
Қызылорда облысында 22 тамызда желдің екпіні 25 м/с және шаңды дауыл әлі де сақталады.
Оставить комментарий