Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференцияда «KAZENERGY» қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин осындай болжам жасады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ел экономикасының тірегі мұнай өндірісі болғандықтан, Қазақстан әлемде алдыңғы қатарда тұрғанын айтты.
"Әр адамның өз пікірі бар, дегенмен біз аналитикалық компаниялардың сарапшы мамандарының пікіріне құлақ салғанымыз дұрыс. Мұнай саласындағы барлық мамандардың пікірін тұжырымдайтын болсақ, мұнай бағасы әлі де түседі дегенге саяды. Бір баррелі 50 доллар болады деген болжам бар", – деді спикер.
Ұзақбай Қарабалинның пікірінше, алдағы 4-5 жылда мұнай бағасы қайта көтерілуі мүмкін. Шарықтау шегі 100 доллардан аспайды, 80 долларға дейін барады деген сарапшылар болжамын алға тартты.
"Алайда қазір технологиялардың тез дамып, ақпараттың лезде таралуын ескере келе, болашаққа болжам жасау қиын. Алдағы 10 жылда өмір қалай өзгеретінін біле алмаймыз деді", – Ұзақбай Қарабалин.
Оставить комментарий