Бақытжан Сағынтаев ExxonMobil компаниясының өкілдерімен кездесті

/uploads/thumbnail/20170814174121741_small.jpg

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев компания президенті Н. Даффин бастаған ExxonMobil Production Company өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Кездесу барысында ExxonMobil компаниясының Қазақстандағы қазіргі қызметі туралы мәселелер, соның ішінде Теңіз және Қашаған мұнай кен орындарын игеру жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды.

Айта кетсек, компания Қазақстанда 1993 жылдан бастап жұмыс істейді және еліміздегі алғашқы ірі инвесторлардың бірі.

ExxonMobil теңізде кен орны бар «Теңізшевройл» ЖШС-інде - 25%, Қашаған кен орны мен Каспий құбыры желісі консорциуміне 7,5% үлескерлік қатысуды қамтитын Солтүстік Каспий бойынша өнімдерді бөлу туралы келісім аясында 16,81% үлескерлік қатысуға ие.

Связанные Статьи