Facebook басшылары, екі жылға жуық уақытта болжалды түрде Ресеймен байланысы бар деген жалған парақшалар саяси жарнамаларды 100 мың долларға сатып алып отырғанын айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап. Facebook өзінің болжамдарымен Ресейдің президенттік сайлауға қатысы бар, жоғын тексеріп жүрген АҚШ билігімен бөлісті.
АҚШ-тың арнайы қызметі ағымдағы жылдың қаңтар айында Ресейді Трампқа президенттік сайлауда жеңіске жетуіне көмектесті деп айыптаған. Оның ішінде әлеуметтік желілерде қоғамдық пікірге әсер ету үшін жалған ақпарат тарату арқылы әсер еткені туралы да айтты.
Әлеуметтік желі қауіпсіздігі қызметінің басшысы Алекс Теймос жарнамалық алаңдарды сатып алуға қатысты тексеру нәтижесінде, 2015 жылдың мамыр айы мен 2017 жылға дейін 100 мың долларды 470 жалған парақшалар мен аккаунт арқылы 3 мың хабарландыруға жұмсағаны анықталды.
«Кейбір аккаунттар Санкт-Петербургтегі троллдер фабирикасымен тікелей байланысты. Олар өздерін интернетті зерттеу агенттік деп атайды. Алайда бізде оны айғақтайтын мүмкіндік жоқ» деді Facebook басшыларының бірі.
Фейк аккаунттар әлеуметтік желі заңын бұзғандықтан барлық жазбалары бұғатталды. Facebook жарнаманың мазмұны мен ол туралы ақпартатты айтудан бас тартты.