БҰҰ: «Ирма» дауылынан миллиондаған адам зардап шегуі мүмкін

/uploads/thumbnail/20170826101952754_small.jpg

АҚШ-қа «Ирма» дауылының жақындап келе жатқаны хабарланған болатын. БҰҰ  аталмыш дауылға қатысты пікір білдірді. БҰҰ-ның бағалауы бойынша, «Ирма» дауылынан 37 миллион адам зардап шегуі мүмкін. Бұл туралы БҰҰ баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик мәлімдеді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  

БҰҰ Барбадос аралында төтенше жағдайға дайындықтын жасалып жатқанын мәлімдеді.

Дүлей жел ең жоғарғы көрсеткіштен, яғни бес балдан да асып түскен. Мамандардың айтуынша, ол Атлантикадағы соңғы онжылдықта соққан ең сұрапыл дауыл болады.

Кариб аймағын жер мен жексен еткен дауыл басқа да жерлерді жоюда. Барбуда аралы мен Франция бөлігіндегі Сен-Мартен аралының біраз бөлігін су шайып кеткен.  Барбуда аралындағы мүліктің 95 пайызына зақым келген, оның 30 пайызы бүтіндей жойылып кеткен. Соңғы мәліметтер бойынша, алапат дауылдан қаза болғандар саны 7 адамды құрап отыр. Бүгінгі таңда дауылдың салдарынан ауыз су тоқталтылып, электр тоғы ажыратылған.

Метеоролгтардың айтуынша, 7 қыркүйек күні «Ирма» дауылы Доминикан Республикасы, Гаити және Кубаның үстінен өтіп, АҚШ-тың Флорида штатына жетеді.  Кубаның 7 ауданында төтенше жағдай жарияланып үлгерген.  Ал Майамиде адамдар дүкендерден қажетті заттарын сатып алып, төтенше жағдайға дайындалып жатыр.

Айта кетсек, Атлантикада «Ирма» дауылынан бөлек тағы 2 дауыл өз күшіне еніп жатыр. Олар: Хосе мен Катя дауылдары.

Связанные Статьи