Гонконгта ұшақ әуежайда өртеніп кетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Төтенше жағдай ұшаққа жолаушылардың кіруіне бірер минут қалғанда болған. Ресми емес ақпаратқа сәйкес, өрттің салдарынан бір адам зардап шеккен.
Әуежайдағы ұшақтың өртеніп жатқан видеосы желіде тарады. Қазір өрттің неден шыққанын анықтау үшін тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.