Түркияда Фетхуллах Гүленді жақтаған 70 әскери қызметкер тұтқындалды

/uploads/thumbnail/20170818085030326_small.jpg

Түркияда Фетхуллах Гүленді қолдады деген күдікпен 70 әскери қызметкер тұтқындалды. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі DHA мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

Ұсталғандардың ішінде 62 әскери қызметкер әскери-әуе күшінің өкілдері, ал төртеуі әскери-теңіз күшінің қызметкерлері.

Әскерилерді тұтқындау әрекеті елдің 5 аймағында бір уақытта жүзеге асырылған. Атап айтсақ: Конья, Ыстанбұл, Анкара, Измир, Кайсери, Ескишехир, Ялова.

Связанные Статьи