Досқан Қалиұлы латын әліпбиі жайында: Бұл - ғажап дүние

/uploads/thumbnail/20170913160600429_small.jpg

9 қазанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа қазақ тілінің латын қарпіне негізделген жаңа жобасы таныстырылған. Аталмыш жоба қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен ұсыныстар негізінде жасалған. Жаңа жобаға сәйкес халық арасында қызу талқы басталды, қоғам белсенділері де өз пікірлерімен бөлісті.  

Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері, кино және театр актері Досқан Қалиұлы қоғам арасында ешқандай ши шығармай, бірігіп біртұтас шешілетін мәселе екенін айтады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Біздің келешегіміз осыған да байланысты болып келеді. 30 дамыған мемлекеттің қатарына қосылу да осыған байланысты. Латын әліпбиіне өту әлемдік инновацияларды жедел игеруге, келешегімізге нық басып, технология мен коммуникацияны меңгеруде мүмкіндік беретін құрал. Сонымен қатар кең сөйлеуге, ағылшын тілін және медицина саласын меңгеру үшін жол ашатын мемлекеттік маңызды шаруа. Бір сөзбен атап айтқанда, бұл ғажап дүние. Бұдан айырылып қалмау керек. Ортамызда ши шығармай, бәріміз біртұтас бірігіп шешілетін мәселе. Келешек ұрпақ үшін, саясатымыз үшін маңызы бар өзгеріс».

Связанные Статьи