Қазақстанның танымал ғашықтары сүйінші жаңалығымен бөлісті

/uploads/thumbnail/20171013144502854_small.jpg

Құлсарылық ғашықтар Марлен мен Әнел жақында үйлену тойын жасамақ, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы НТК арнасы мәлім етті.

Бүгін бақытты күндерін бастан кешіп жатқан Марлен мен Әнел, кезінде көп қиыншылықты бірге көрді. Тіпті екі жастың сызат түспеген сезіміне Қазнет қолданушылары да талай мәрте тәнті болған еді. Алайда таяқтың екі ұшы бар. Осыдан 7 жыл бұрын сүйіктісі сырқатқа шалдыққан сәтте оқуын тастап, қиын кезеңдерде қызының жанында болған ғашық жігітті сынағандардың санында шек болмапты.

«Қарсылық білдіргендер болды. Қазір бәрі Аллаға шүкір жақсы. Бәрі орынына келді деп айтуға болады, дәлірек айтқанда. Бұрын айтқан адамдарда қазір түсіністікпен қарады, өмір болған соң қателеседі, қателеспейтін адам болмайды ғой. Оның барлығына түсіністікпен қараймын. Менің ешкімге де ренішім жоқ. Тек өзімнің отбасым, болашақ жан жарым, алдағы өмірім өзімнің ойымдағыдай болса екен», – дейді Марлен.

Иә, бір-біріне деген адал махаббаты, қазір екі жасқа танымалдылықты да тарту етті. Алайда талайды тамсандырған қос ғашық қарапайым қалыптан танбақ емес.

Бәрін айт та бірін айт! Осыдан 2 жыл бұрын некесін қидырған Марлен мен Әнел қазіргі таңда дүбірлі тойға әзірлікті бастап кеткен. Адалдығымен талай жастарға үлгі болған Құлсарылық қос ғашықтың қуанышты хабары бар!

«Алла қаласа, болады той. Жақында міндетті түрде. Аллаһтың қалауымен!» – дейді Марлен мен Әнел.

Связанные Статьи