Белгілі әзілкеш Нұрлан Қоянбаевтың «Бизнес по-казахский в Америка» деп аталатын киносы желтоқсан айының 28-інде қалың көрерменге жол тартады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Нұрлан Қоянбаев Instagram әлеуметтік желісінде жазған болатын.
Бұл туынды жыл басында жарық көрген «Бизнес по-казахский» киносының жалғасы.
«Осыдан бір жыл бұрын «Бизнес по-казаxски» фильмін xалық назарына ұсынған едік. Сіздердің қолдауларыңызбен фильмнің прокаты 2 айға созылды. Сол үшін баршаңызға мың алғыс! Сол қолдауларыңыз себеп болып киномыздың жалғасын түсіреміз деген шешім қабылдадық. Жаз бойы АҚШ-тың Калифорния штатында және өзіміздің Алматыда түсірілім жұмыстары болды.
28-желтоқсаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көре аласыздар»,- деді Нұрлан Қоянбаев.
Айта кетейік «Бизнес по-казахский» киносы 22 қазанда сағат 12:00-де Youtube арнасына шығады.