Заңгер Айгүл Орынбек Қайрат Нұртастың «Арман. Когда ангелы спят» фильмін ұрланған деді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Айгүл Орынбек Facebook парақшасында жазған болатын.
«Ворошиловский стрелок» немесе ұрланған идея «Арман» фильмі». Отандық өнімді қолдау үшін киноға бардық. Қаржысы көп Қайрат Нұртасқа мықты кино түсіру не тұрады деп ойлаған едім ? Бірақ өкінішке орай тағы да сол көшірме! Ең сорақысы кино қатыгездікке тұнып тұр. Онсызда телеарналарымызда əншілер қаптап, зорлық қорлықты күнде көрсетіп жатқаны аздай, енді кино түсіріп насихаттайын деді ме? Арақ шарап ішіп қызды ұрлап зорлау, наша шегу сияқты дүниені түсіріп жастарға не тəрбие бермекші болды екен? Фильмнің мағынасын түсіне алмадым!
Біреудің идеясын ұрлаған соң фильм мағынасыз болған. Қай мектеп сабақ үстінде «Астана» арнасын қосып қойып жаңалықтар көретін маған көрсетіңдерші. Заңды түрде шара қолданайық . Мылтықпен түнгі клуб немесе мейрамханаға кіріп бара жатқанда охраниктер қалайша жіберіп қойды? Байдың балдары отыратын қымбат ресторанды бұл фильмде ешкім күзетпей қойған ба? Жігіттерді атамын деп стол жанына келіп, мылтықты кезенгенде неге қалған қонақтар жəйбарақат билеп жүр? Жаза берсем көп! "Осы біздің қазаққа ештеңе жақпайды»- деп ренжуі мүмкін Қайраттың анасы. Бірақ кино түсірер алдында сын болатынын білді ол кісі. Гүлзира ханым сіз анасыз онсызда зорлық пен қорлығы көбейген заманда, сіздің қолыңыздан келеді жастарға мейрімділік насихаттайтын, мəн- мағынасы бар кино түсіру. Қолдарыңызда Жұлдыз сияқты мықты актриса қыз тұрғанда сіздер үшін бұл қиын емес деп ойлаймын. Ал мына фильмдеріңізге екі деген баға берем!»- деді заңгер Айгүл Орынбек.
Оставить комментарий