Батыста жаңа босанған аналар өз ұрықжолдасын жеуді сәнге айналдырды (видео)

/uploads/thumbnail/20171017162431528_small.jpg

Жаңа босанған батыстың Ким Кардашиан және Колин Руни сынды танымал әйелдері өз ұрықжолдасынан жасалған таблетканы жеуді сәнге айналдырды,-деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sky News-ке сүйене отырып жазады. Бұл әйелдердің ойынша, жолдас денсаулыққа пайдалы көрінеді. Бірнеше компаниялар ұрықжолдасты кептіріп, оны ұнтаққа айналдырып капсула түрінде сатуды қолға алған.

Алайда дәрігерлер бұл әдістің денсаулыққа нақты пайда әкеле алатындығына күмәнданып, керісінше, «жаңа босанған аналардың саулығына кері әсерін тигізуі мүмкін» деп отыр. Мәселен, Вена медициналық университетінің дәріскері Джордж Алекстің айтуынша, қазіргі кезде көптеген аналар өз ұрықжолдасын қайтарып беруді сұрайды екен. «Олар нақты тексерілмеген, дәлелденбеген, жалған ақпараттарға сенуде»,- дейді ол.  

eumom

«Дегенмен, ұрық дамыған қабықта пайдалы ақуыздар бар, бірақ оның мөлшері тым аз. Сондықтан, ұрықжолдасты жемей-ақ, дәрумендерді қолдана беруге де болады»,- деді Джордж Алекс. 

Оставить комментарий

Связанные Статьи