Қазақстандық және қырғызстандық вайнерлер соңғы уақытта ушыққан шекара мәселесіне қатысты видеоролик жариялады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Видеороликтің мақсаты – екі елдің арасындағы бауырластыққа ешқандай жағдай кедергі бола алмайтынын түсіндіру.
Айта кетейік, екі ел арасындағы шекара бекетінде ұзын сонар кезек қазанның 10-ынан бері пайда болған. Тексеру амалдарын Қазақстан күшейткен. Қазақ-қырғыз шекарасында адамдар мен көліктерді өткізу тәртібі күшейтіліп, ұзақ-сонар кезектің пайда болуын кейбіреулер Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың 7 қазанда Қазақстан билігін "қырғыз сайлауына араласқысы келеді" деп сынаған сөзімен байланыстырады.